Жемқорлық: алты айда өзгеріс бар ма?
Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы республикада алдыңғы орында. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов «Ақмешіт» институтында білім саласы қызметкерлерімен өткен жиында мәлімдеді.
Қазақстанда сыйбалас жемқорлықты қабылдаудың индексін анықтайтын «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қордың соңғы алты айдағы мәліметі бойынша Қызылорда облысында ЖОО мен қатар колледждерде де жемқорлық барын жасырмады.
− Қазақстан қазір орталық азиядағы ең мықты нормативтік базасы бар мемлекет. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидасын қалыптастыру үшін барлық заңды-нормативтік құжаттар бар. Әйтседе тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлық азаймай отыр. Әлеуметтік сауалнама жолымен жасалған статистикалық мәліметте біздің аймақ кейбір салаалар бойынша сыбайлас жемқорлықтың жоғары екені көрсетілген. Сауалнама қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында жүргізілген. Ұйымның мәліметінше, облыс тұтастай алғанда жемқорлық бойынша ортаңғы орындамыз. Алайда жекелеген салаларда сыбайлас жемқорлық көрсеткіш жоғары. Бұл жүз пайыз көріністі бермегенімен, белгілі бір белгілер бар деген сөз. Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық көрінісі бойынша Қызылорда облысы республикада алдыңғы орында. Мемлекеттік колледждерде 14\15 пайыз көрсетілген. Талдау барысында анықтағанымыз орта арнаулы орындарында мемлекеттік тапсырыс көбейген сайын сыбайлас жемқорлықта артқанын байқаймыз, − деді Бақытжан Ниязов.
Гүлбану МАҚАЖАН