» » Еріктілер мектебі ашылады

Еріктілер мектебі ашылады

    Алдағы уақытта "Jas Otan" жастар қанаты жанынан "Жастар Отанға" атты еріктілер мектебі ашылады. Мақсат – облыстағы еріктілер корпусын қалыптастыру. Бүгінде мектепке қабылдануға 250-ден астам өтініш түсті. Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Біріншісі сауалнама толтыру арқылы жүзеге асса, екіншісі сұқбаттасу арқылы өрбімек. Аталмыш мектепке 100 үміткер лайықты деп танылады. Сондай-ақ олар төрт бағыт 12 кезеңнен тұратын оқу-семинар курстарынан өтеді.  Мәселен, "Тұлға", "Жүрек", "Көзқарас", "Даму" бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Лайықты деп танылғандар жан-жақты оқудан өтіп, бұл курсты толық меңгереді. Бұл туралы "Сыр медиа" шығармашылық үйіндегі жас журналистермен кездесуде  "Jas Otan" жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының кеңесшісі Әсем Қақарманова мәлімдеді.
Жасотандықтардың БАҚ өкілдерімен кездесудегі басты мақсаты –атқарылған жұмыстарды баяндау, болашақ жоспармен бөлісу. Бүгінде жасотандықтар аймақтағы жастардың басын біріктіріп, олардың қоғамдық белсенділігін арттыратын бірден-бір бірлестік.
Айта кетейік, "Jas Otan" жастар қанатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылады. Соның бірі "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы облыстағы қарт кісілер  екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагерлердің үйіне барып қол көмек көрсетеді. Мәселен, ауласын тазалау, сырлау, әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қыста қар күреп, көктемде шөп жұлу да жасотандықтардың жауапкершілігінде. Биыл 100-ден аса ардагердің үйіне барып, қол көмек көрсеткен жасотандықтардың еншісіндегі тағы бір жобасы "Балалар – біздің болашағымыз" деп аталады. Мұнда түрлі диогнозбен ауыратын балаларға концерт ұйымдастырылады. Одан түскен қаржы науқас балалардың еміне жұмсалады.
– "Enqlish Fo jastar" жобасы екінші жыл қатарынан өткізілуде. Мақсат –  ауылдық жердегі мектеп оқушыларын тегін ағылшын тілінен оқыту. Облыс көлемінде былтыр 12, биыл 14 ерікті тегін ағылшын тілінен өз курстарын өткізді. Бұл жоба жеті аудан мен қала мектептерінде жүзеге асты. Былтыр 350 оқушы білім алса, биыл 250-ден астам оқушы ағылшын тілі курсын оқыды. 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында еңбек лагері өткізілмек. Оған облыстың барлық аудандарынан Neet санатындағы жастар қатысады. Сондай-ақ лагерь барысында 50 жұмыссыз жаспен тікелей жұмыс істейтін боламыз. 2 күнге орайланған кездесуде семинар-тренингтер өтеді деп күтілуде. Қалалық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50 жасқа бағытына сәйкес жұмыс тауып беруге тырысамыз, – деді Әсем Бекнұрқызы.
Мөлдір САБЫРЖАН
25 қыркүйек 2019 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031