» » Түркі әлемінің жастары – Сыр топырағында

Түркі әлемінің жастары – Сыр топырағында

    «Түркі әлемін тоғыстырған − Сыр елі» атты түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі өтті.
Аталмыш игі шара жастар жылы аясында  Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды. «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалімен тұспа тұс келген фестивальде түркітілдес елдер жастары Сыр топырағында бас қосты.
Фестивальді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Орда» қоғамдық бірестігі ұйымдастырған.  Оған еліміздің барлық өңірінен жиналған жастармен бірге Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Башқұрстан және Әзербайжан елдерінің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысты.
 «Халықаралық шараның мақсаты – түріктілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша жастардың басын қосып, тәжірибе алмасу, ішкі туризмді дамытуға жаңа мүмкіндік ашу, қасиетті Сыр елі киелі өлкенің тарихымен таныстыру», − деп атап өтті облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.
Жастар фестиваліне келген меймандар Қызылорда қаласындағы «Рухани жаңғыру» мұражайымен танысты.  «Жастар орталығы» жаңа ғимаратында басталған фестивальді облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Қуантханұлы жүргізді. Сала басшысы фестиваль қатысушыларына аймақтағы жастар саясаты бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов және Түркісой халықаралық ұйымының жоба үйлестірушісі Фатих Алиджи де қатысты.
− Басты мақсат – жер-жерлерден келген жастадың пікір алмасуын, алдағы уақытта бірлескен шараларды ұйымдастыру. Жалпы бұл шараны жастар үшін тәрбиелік мәні зор форум деп ойлаймын, − деді Шахмардан Асқарұлы. Мұнан соң ол жастар жылын өткізуге арналған жол картасының жүзеге асуы туралы мәлімдеме жасады.
Фестиваль аясында ауқымды тақырыптар қамтылды. Солардың бірі – ежелгі түркі жазбасына қатысты құнды мәліметтер жаболды.
Даир Қыдырғалиұлы, «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорының өкілі:
− 1500 жыл бұрын өзіміздің төл жазуымыз болған. Күлтегін қағанаты, Түркі қағанатында қолданған. Соны аударғанда қазақтың 65% сөзі шығады. Тағы басқа түркітілдес халықтардың тілдері шығады.
Фестиваль қатысушылары ертеңіне Байқоңыр ғарыш айлағында және Қорқыт ата кешенінде болды. "Ұлттық ойындар", "Ұлттық тағам", "Ұлттық қолөнер" секциялары бойынша жұмыс істеді. Жастар "Қорқыт және Ұлы Дала сазы" халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің ашылу салтанатына және Қорқыт мұралары жөнінде ғылыми конференцияға қатысты. Киелі Қорқыт атаның мәңгілік мекеніндегі тағылымды шара үш күнге созылды.
Гүлбану МАҚАЖАН
26 қыркүйек 2019 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031