Еріктілер мектебі ашылады

Жасотандықтардың БАҚ өкілдерімен кездесудегі басты мақсаты –атқарылған жұмыстарды баяндау, болашақ жоспармен бөлісу. Бүгінде жасотандықтар аймақтағы жастардың басын біріктіріп, олардың қоғамдық белсенділігін арттыратын бірден-бір бірлестік.
Айта кетейік, "Jas Otan" жастар қанатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылады. Соның бірі "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы облыстағы қарт кісілер екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагерлердің үйіне барып қол көмек көрсетеді. Мәселен, ауласын тазалау, сырлау, әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қыста қар күреп, көктемде шөп жұлу да жасотандықтардың жауапкершілігінде. Биыл 100-ден аса ардагердің үйіне барып, қол көмек көрсеткен жасотандықтардың еншісіндегі тағы бір жобасы "Балалар – біздің болашағымыз" деп аталады. Мұнда түрлі диогнозбен ауыратын балаларға концерт ұйымдастырылады. Одан түскен қаржы науқас балалардың еміне жұмсалады.
– "Enqlish Fo jastar" жобасы екінші жыл қатарынан өткізілуде. Мақсат – ауылдық жердегі мектеп оқушыларын тегін ағылшын тілінен оқыту. Облыс көлемінде былтыр 12, биыл 14 ерікті тегін ағылшын тілінен өз курстарын өткізді. Бұл жоба жеті аудан мен қала мектептерінде жүзеге асты. Былтыр 350 оқушы білім алса, биыл 250-ден астам оқушы ағылшын тілі курсын оқыды. 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында еңбек лагері өткізілмек. Оған облыстың барлық аудандарынан Neet санатындағы жастар қатысады. Сондай-ақ лагерь барысында 50 жұмыссыз жаспен тікелей жұмыс істейтін боламыз. 2 күнге орайланған кездесуде семинар-тренингтер өтеді деп күтілуде. Қалалық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50 жасқа бағытына сәйкес жұмыс тауып беруге тырысамыз, – деді Әсем Бекнұрқызы.
Мөлдір САБЫРЖАН