» » Сыр жастары да стипендиат атанды

Сыр жастары да стипендиат атанды


    Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының студенттік стипендиясына арналған республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Биыл 350-ден астам өтінім арасынан конкурстық комиссия 80 жеңімпазды таңдады. Жаңа стипендиаттар Caspian University концерт залында құрметке ие болды. Оларға ай сайынғы стипендиялар мен төсбелгілер берілді және олардың әрқайсысы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты» мәртебесін алды. 
     
Байқаудың тоғыз жылдық тарихында 639 адам Елбасы Қорының шәкіртақысына ие болды. Оның негізгі мақсаты – жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындары күндізгі бөлім студенттерінің оқу, ғылым мен шығармашылық жұмысын насихаттау. Сайыс екі турдан тұрады. Бірінші кезең оқу орнында өткізіледі. Екінші кезеңде үміткерлердің өтінімдері Тұңғыш Президент Қорының конкурстық комиссиясына түседі, онда нақты жеңімпаздар анықталады. Сонымен, жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Түркістан, Өскемен және Шымкент қалаларының студенттері арнайы шәкіртақыға ие болды. Олар академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштеріне ие, студенттер мен оқытушылар арасында беделі жоғары, сонымен қатар оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысады. Стипендиаттар өз жетістіктерін екі жылдық оқу кезіндегі GPA жоғары балл алған транскриптермен, сертификаттармен, дипломдармен, мақалалармен, ғылыми конференциялардағы баяндамалармен растады. Жеңімпаздар қатарында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың төртінші курс студенттері Сәбитбек Айдана мен Бүркіт Азиза бар. Дарынды жастары құттықтаймыз.

Гүлбану МАҚАЖАН
Фото: Виталий Ткач








27 қыркүйек 2019 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930