» » Кәсіпкер қызылордалық отбасыға баспана тарту етті

Кәсіпкер қызылордалық отбасыға баспана тарту етті

 
Қала күні аясында Қызылордада ұйымдастырылған «YOUTH FORMULA» - жастық шақтың формуласын сезін!» мерекелік шарасы барысында  «Абзал және К» толық серіктестігінің бас директоры Мағжан Ералиев көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Қайырымдылық шараларына әрдайым үлес қосып жүрген компания қалалық әкімдік және "Атамекен" ҰКП бастамасымен қолға алынған «Менің атамекенім» әлеуметтік жобасы аясында үш бөлмелі пәтер кілтін Кенжебековтер отбасына табыстады. Өз кезегінде жаңа қоныс иелері кәсіпкерге алғыс білдірді. 
Жас маман Нұрболат жұбайы Ботагөзбен бірге бес баланы тәрбиелеп отыр. Оның екеуі - ұл, сонымен қатар Хадиша, Райяна және Айша есімді үшемдері бар. Олар бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келді. 
Айта кетейік, «Абзал және К» толық серіктестігі – ауыл шаруашылығы саласын жандан­дыруға барынша үлес қосып келе жатқан бірден-бір компания. Кәсіпорын базасында күріш ақтайтын екі зауыт бар. Жақында оның қатары тағы біреуімен толықпақ. Қос зауыт жылына 20 мың тонна күріш ақтайды. Зауыттан шыққан өнімнің 60 проценті экспортталуда. Серіктестік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға да айтарлықтай атсалысып жүр. 

08 қазан 2019 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031