» » Жұрттың баласы

Жұрттың баласы

   Мұқағали ішкіш, Әуезов сатқын. Біреудің мінін теріп, одан өз артықшылығымызды байқап желкеміз күдірейіп қалатыны бар. Тақырыптың түйінін тарқату үшін мынадай оқиға еске түсіп отыр. Бірде Башқұрттың әйгілі ақыны Мұстай Кәрім Лениндік сыйлық комитетінің мүшесі болып тұрғанда талқылауға грузин Нодар Думбадзе мен қазақ Ілияс Есенберлиннің романы түсіпті. Нодарды жақтап Грузиядан бір вагон қолдау келсе, Ілиясты қаралап Қазақстаннан бір вагон балағат келіпті. Олар қазақ жазушысының әйгілі «Көшпенділер» атты тарихи трилогиясын халықтар достығына, советтік идеяға қарсы сарын бар деп тапқан екен. Қалай десе де, сол жолы Ілияс Ленин сыйлығын алып тұрған жерінен айрылып қалыпты. Осы оқиғаға куә болған башқұрт ақыны «жаман қазақтар» деп іші күйіпті деседі.
Қазақтың осындай жаман мінезі бар. Өрге шыққанды өкшеден сүйреп, жерден алып жерге салу, сүрінгенге сүйеу болудың орнына, одан әрі сілікпесін шығару – қалыбымызды қақыратып тұрған қасиет. Тарихтағы осы сынды оқиғалардан тағылым алуға болады. Қазақ неге бір-бірін көре алмайды? «Көреалмаушылық қазақтың қанында бар» дейді қазіргілер. Ғалымдар мұны қандағы қасиет емес, тәрбиеден кеткен кем-кетікке балап отыр. Яғни бұл уақыт өте, заман ауыса оңалар дүние екенін аңғаруға болады.
Бала кезімізде «жұрттың баласы» деген мақтау сөзді жиі естіп өстік және сондай болғымыз келгені жасырын емес. «Ол шаруға тиянақты, ол жетістікке лайық. Әне, жұрттың баласын қарашы биге, әнге қатысады» деп салыстырғаны бәрімізге белгілі. Психолог Елжас Ертайұлы мұндай салыстыру балаға кері әсер етпесе, оң нәтиже бермейтінін айтады.
Ата-ана қиялына мінсіз баланың портретін құрып алады да, баласын сол портреттің ішіне сыйғызуға тырысады. Алла тағала әр балаға өзінше ерекше  қабілет берген. Ал ата-ананың міндеті баланың қызығушылығы мен қабілетіне сай жетілуіне жағдай жасау, – дейді психолог.
Елімізде әрбір екінші отбасы баласын осы сөзді айту арқылы тәрбиелеп жатады. Мәселенің тағы бір жағы, салыстырып отырған мінсіз балаға өз балаңыздың қызғанышы еселеп артады. Қызығушылығы болмаса да, сол бала сияқты болуға тыраштанып өзін жоғалтып алу қаупі туады. Қызғаныштың арты оған деген жек көрушілік сезімге ұласады. Әлгінде көреалмаушылық дедік қой. Біз қанға теліген осы бір «көре алмайтын қазақ» ұғым осыдан шықса керек.
Думан КЕҢШІЛІК
09 қазан 2019 ж. 1 001 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031