Жұлдыз-жорамал
Тоқты
Осы аптада әріптестермен қарым-қатынасты ретке келтіруге тырысыңыз. Жұмысқа барыңызды салғанмен көңіліңіз толмайды. Қаржыңызды үнемдеңіз. Жақындарыңыз сіздің қолдауыңызға зәру. Олармен көбірек бірге болуға тырысыңыз.
Торпақ
Осы аптада алға қойған жоспардан бас тартпаңыз. Әр іске жауапкершілікпен қараған абзал. Тың жобалар ұсынып, жаңа жұмысқа шақыру түсуі мүмкін. Бірақ келіспес бұрын дұрыс-бұрысын анықтап алыңыз. Жалғызбасты жандарды қызықты кездесулер күтіп түр.
Егіз
Осы аптада кәсібіңізде тың өзгерістер болуы мүмкін. Жаңа таныстардың арасында жұмысыңызға көмегі тиетін азаматтардың да болуы ықтимал. Жүрек қалауын тыңдап, жалғызбасты адамдар өз жартысын табуы мүмкін.
Шаян
Шешімді тез қабылдап, өз ойыңызды халыққа жеткізе біліңіз. Мақсатқа жетуге беделді адамның да көмегі тиеді. Сіздің іс-әрекетіңізді басқа адамдар түсінбеуі мүмкін. Сабыр сақтап алға ұмтылыңыз.
Арыстан
Аптаның басында тың жобалармен жұмыс істейсіз. Ал аптаның аяғында уақытты босқа өткізіп алмауға тырысыңыз. Басқалардың аяқсыз қалған жұмыстарымен жұмыс істеуді доғарыңыз.
Бикеш
Жұмысты қорытындылайтын болсаңыз, біраз қателік жіберіп, оны реттеуге тырысасыз. Оны реттеймін деп бәрінен айырылуыңыз мүмкін. Жетістікке қол жеткізу қиын болмақ. Жаңа іс бастамас бұрын жақындармен ақылдасып алыңыз. Қаржы жағы қуантпайды, қарыз алудан аулақ болыңыз.
Таразы
Апта қызықты болмақ. Бастықтармен тіл табысып, қолдауға ие боласыз. Алға қойған мақсатыңыз да орындалмақ. Келісім шартқа отырып, жалақыңызды алуыңыз мүмкін.
Саршаян
Осы аптада жұмысыңызда қиын сұрақтардың жауабын шешуге тырысасыз. Қиын сәттерде қолдау көрсете алатын мықты ұжым құрдыңыз. Сонымен қоса тың жобамен айналысуыңыз не болмаса өз ісіңізді одан әрі кеңейтуіңіз мүмкін.
Мерген
Осы аптадан қалыптасып қалған салт-дәстүрді бұзыңыз. Тың ойлар туады. Оны жүзеге асыру үшін білім мен тәжірибе керек екенін ескеріңіз. Сіздің ішкі түйсігіңіз алдамайды, соған сеніңіз. Сіз сеніп жүрген адамдардың ішінде сізді өз мақсатында пайдаланғысы келетіндер бар, абай болыңыз.
Тауешкі
Әріптестермен қарым-қатынасыңыз жақсы болмайды. Жұмысыңызға зейін қойып қараған дұрыс. Жобаларды жүзеге асыруға біраз қаржы керек. Ол үшін қарыз аламын деп басыңызды бәлеге ұрындыруыңыз мүмкін. Оған қоса сүйіктіңізбен тіл табысу қиынға соғады.
Суқұйғыш
Аптаның басында кәсібіңізде абай болыңыз. Жұмыс орнын ауыстыруға асықпаңыз. Сабыр сақтасаңыз, көп келеңсіздіктен айналып өтуіңіз мүмкін. Ұзақ мерзімге жоспар құрған адамның айы оңынан туып тұр. Жақсы көретін адамыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Балық
Әріптестермен көзқарасыңыз келіспей, еңсеңіз түсуі мүмкін. Аптаның екінші жартысында тың жобалармен жұмыс істеп, қыруар қаржы жұмсайсыз. Сол себепті де ақшаңызды үнемдеңіз. Бәрінен бұрын денсаулығыңызды күтіңіз.