» » Дауларды партисипативтік рәсімімен реттеу тәртібі

Дауларды партисипативтік рәсімімен реттеу тәртібі

 
Елбасы судьялардың VI съезінде сот тәртібінде қарауға жататын даулар санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, отандық сот төрелігін қалпына келтіру мүмкіндігін беретін татуласу рәсімдерін және медиацияны дамыту маңыздылығын атап көрсеткен болатын.  
         2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодекске партисипативтік рәсім дауды реттеу ұғымы енгізілді.
        Азаматтық процестік Кодекстің талаптарына сәйкес тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
         Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
         Дауды сотқа дейін реттеу тараптарға дауды (жанжалды) қысқа мерзімде, материалдық және моральдық аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.        
          Дауды сотқа дейінгі тәртіпте шешуге тараптарды ынталандыру үшін сотқа дейінгі дауды реттеуде кінәлі тараптың келтірген шығындарды өтеуі,   жауапкер кінәлі болмаған кезде талап қойылған жағдайда сот шығындарын өтеуден бас тартуы, ұтылған тараптың жұмыс уақытын жоғалтқаны үшін шығындарды өтеуі, жеке санаттағы істер бойынша мемлекеттік баж мөлшерінің көбеюі көзделген.
        АПК-нің 165-бабының 5 тармағына сәйкес, тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу не дауды шешу үшін төрелікке жүгіну құқығын және олардың құқықтық салдарын түсіндіреді.
         Мәселен, Қызылорда қалалық сотында мәмілелерді және оның мемлекеттік тіркеулерін жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс партисипативтік келісімді бекіту жолымен шешілді.
         Сотқа талап қоюшы С. жауапкерлер азаматша К. мен нотариус У.-ға қатысты мәмілелер мен оның мемлекеттік тіркеулерін жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша сот отырысында тараптардың өкілдері партисипативтік келісімді бекіту туралы өтінішхатпен жүгінді.
         2017 жылдың тамыз айында талап қоюшы С. мен жауапкер К. арасында нотариус У.-дың көмегімен талап қоюшы С.-ның меншігіндегіавтокөлігіне қатысты кепілпұл туралы келісім жасалған. Келісімге сәйкес аталған автокөлік 1 000 000 теңгеге бағаланып, сол сомманың 200 000 теңгесін жауапкер төлеп, қалған 800 000 теңгесін 2018 жылдың сәуір айына дейін ай сайын 100 000 теңгеден төлеуге міндеттенген. Алайда, талап қоюшы С. жауапкер К.-ден келісімге сәйкес ақша қаражатын алмағандығын және де аталған автокөліктін үшінші тұлғаға өтіп кеткендігі анықталған.
         Осыған байланысты талап қоюшы С. сотқа мәмілелерді және оның мемлекеттік тіркеулерін жарамсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінген.
         Сот отырысында талап қоюшының адвокаты М. сотқа партисипативтік келісімін ұсынып, соттан партисипативтік келісімді бекітуді сұрады.
         Сот ұйғарымымен партисипативтік келісім келесі шарттармен бекітілді: Жауапкер К. «Кепілпұл» шарты бойынша 800 000 теңге ақша сомасының талап қоюшы С-ға 500 000 теңгесін келесі сот отырысына дейін беруге, қалған 300 000 теңгесін 2019 жылдың 18 қыркүйек айына дейін толық төлеуге міндеттенді. Ал, талап қоюшы өз кезегінде талап арыздан бас тартты.
        Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен  заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
        Істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі азаматтардың өзара бітімге келуі әлдеқайта тиімді. Себебі ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етеді. Азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық және материалдық қиындықтардан құтқарады. Сонымен бірге, тараптар арасындағы дау-дамайлардың неғұрлым тиiмдi, балама тәсiлмен шешілуіне, татуластыруға зор ықпалын тигізеді.
        Забира Абылайқызы, Қызылорда қалалық сотының судьясы
28 тамыз 2019 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031