Дау мұраты – бітім
Бағзы заманнан бері ата-бабаларымыз дауды бітіммен шешуді мақсат етіп, дауласу екі тарапты мәмілеге келтіруге тырысқан.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі.
Біздің ұлттық заңнамамызда медиация институты «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы заңымен реттелген. Заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Аталмыш рәсім жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқық қатынастарынан пайда болатын дауларды өркениетті әрі жедел жолмен реттеуге мүмкіндік береді.
«Медиация туралы» Заңның 1-бабында оның қолданылу аясы белгіленген, яғни жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, негізінен тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде жиі қолданылып жатады.
Өткен 2018 жылы сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін дамыту қарқынды жүргізілгендіктен істердің сотқа түсу көрсеткіші азайды.
Қызылорда облысы соттарында 2018 жылы медиация тәртібімен 421 қылмыстық және 1163 азаматтық, 773 әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібімен - 55 іс, татуласу келісімен 223 іс қаралды.
2018 жылдың мамыр – желтоқсан айларында татуластырушы судьялардың ықпалымен сотқа жетпей медиациямен 152, партисипативтік рәсімімен 22, бітімгершілікпен 92 арыз шешімін тапқан. Міне, медиацияның маңыздылығы осыдан-ақ айқын аңғарылады.
Қай уақытта да даудың бітіммен аяқталуы ол үлкен жеңіс. Медиация арқылы бітімге келіп аяқталып жатқан әрбір іс, ол ең алдымен тараптарға тиімді шешім.
Ардақ Смағамбетова
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы