Ең жас пошташы
Гүлжанат Тұрғұнбай Жаңақорған ауданы Байкенже ауылында газет таратады. «Болашақ» колледжін бітірген ол еңбек жолын «Сыр медиа» серіктестігінде тасымлдау қызметкері. Үш жылдан бері еңбек етіп жүрген ол оқырмандардың саны артып келе мжатқанына қуанады.
− Газетті апта сайын асыға күтіп отыратын оқырмандарды білемін. Бірінші кезекте сол кісілерге жеткіземін. Оқып қана қоймай, келесі санын күтіп, «мақаланың жалғасы шықты ма» деп дереу қарайтындары да бар. Технология жағынан дамыған Жапонияның өзінде күніге екі рет таңертең және кешке 9 миллион тиражбен шығатын газеттер бар. Ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен журналдың орнын баса алмайды. Заман талабын ескерген дұрыс шығар, бірақ тасқа басылған дүниенің салмағы қашанда жоғары деп ойлаймын. Дамыған елдерде газет оқу мәдениеті қалыптасқан.
Газет тарату ісінің қиындығы да жетерлік. Тұрғындардың бірі үйінде болмаса, енді бірінің азулы иті бар. Ол туралы кейіпкеріміз:
− Басында жұмысыма үйренісу қиын болды. Үй-үйге газетті уақытылы жеткізу қажет. Бірі көшенің басындағы үй болса, енді бірі ауылдың келесі шетінде. Ауылдық округке қарасты Билібай елді мекені, «БайкенU», «Қызылқұм», «ГеоТехносервис» серіктестерінің өндіріс орындарына да газет жеткіземін. Уақыт өте келе үйрендім. Ауылды жиі аралап, халықтың тршілігімен танысып шығамын. Еңбек жолымды газет таратушы болып бастағаныма қуаныштымын. Жауапкершілікпен атқарылған істің наны да тәтті болады екен, − дейді Гүлжанат.
Гүлбану МАҚАЖАН