» » 3D-принтер туындысы ғарышқа ұшырылды

3D-принтер туындысы ғарышқа ұшырылды


Rocket Lab аталатын ғарыш саласы бойынша маманданған америкалық жекеменшік компания Жаңа Зеландияның аралдарының бірінен зымыран ұшырды.  Бұл компанияның алғашқы сәтті тәжірибесі екен. Electron зымыранының мақсаты Rocket Lab клиенттеріне толы 3 шағын спутникті орбитаға шығару болған. Олардың жалпы салмағы 225 кг-нан аспайды. Себебі, 3D-принтерден шығарылған зымыран дәл осындай жүк көтергіштікке ие. Ал, орбитаға жеткізілген спутниктер ауа-райы өзгерістерін қадағалайды. Естеріңізге сала кетейік, Rocket Lab компаниясы орбитаға шағын спутниктерді шығару үшін ғарышқа ультра жеңіл тасымалдаушы зымырандарды даярлаумен айналысады. Бұл шаралар коммерциялық негізде жүзеге асады.

22 қаңтар 2018 ж. 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728