"5 жыл артынан жүгірдім": Роза Рымбаеваның ұлы жауапсыз махаббаты жайлы айтты
Мәди алғашқы махаббатының партадан басталғанын жеткізді.
"Алғашқы махаббатын мектеп партасынан баталды. 5-сыныпта паралель сыныпта оқитын қызға ғашық болдым. Ол орыс сыныбында оқыды. Екеуміз пианино үйірмесіне бірге қатыстық. 11-сыныпқа дейін артынан жүгірдім, бірақ өкінішке қарай маған ол қарамады", - дейді Мәди.
Мәди шоу-бизнес өкілдеріне ғашық болып көрмегенін айтты. Одан бөлек қырсық мінезі барын жеткізді. Онысын өзі де жек көреді екен. Сүйікті мезгілі - көктем мен қыс. Кейде әкесімен кездескі келеді. Қиялға берілгенде, Майкл Джексонмен, Батырхан Шүкеновпен дует айтқысы келетін кездері болады. Өмірін музыкасыз елестете алмайды. Сүйікті түсі - қара. Өз дене мүшесінен бойына көңілі толатынын айтты.
Халық әртісінің балалары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев аналары туралы айтып берген еді. Ұлдардың сөзінше, Роза Рымбаева үй шаруасына да, шығармашылыққа да үлгереді екен.