Софияның саф өнері

‒ Қазақтың ұлттық қолөнерін заманауи арт бағытында дамытып, ерекше дүние жасағым келді. Сол үшін мектеп қабырғасында түрлі байқауда бақ сынап, бейнелеу өнері бойынша Дельфий ойындарына қатыстым. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану үшін бұйымға шикізат ретінде тұрмыс жағдайында қолданатын қарапайым заттарды таңдадым. Мәселен «Аралтұз» ас тұзының сыртқы қаптамасы, «Рахат» тәтті өнімі, «Қазақстан» шоколадының орама қағазы, шай қорабы да кәдеме жарайтын. Бүгінде сүйікті кәсібіме айналған қолөнердің мәдениетті дамытудан бөлек бірнеше пайдасы бар. Айталық қолөнер адамның ойлау жүйесін жақсартып, шығармашылық қабілетін шыңдайды. Әрі қол бұлшықетінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Оған қоса түстерді айырып, оларды үйлестере білу көз жұмысына оң әсер береді.
Қолөнерден бөлек кітап бетіне иллюстрация салғанды жақсы көремін әрі бос уақытымда жаңа стилдегі киімнің моделін сызамын. Негізгі мамандығым «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» саласы болса да графикалық шеберлікті жетік меңгердім. Сол еңбегім үшін жуырда ғана Өңірлік XV «Qyzylorda. Jastar. Sinergy» атты Дельфий ойындарында «Декоративті-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жеңімпаз атандым, ‒ дейді ол.
Гүлдана ЖҰМАДИН