» » "World Skills QAZAQSTAN" Қызылордада

"World Skills QAZAQSTAN" Қызылордада

  Аймақта «World Skills QAZAQSTAN» байқауы бесінші рет ұйымдастырылды
Биыл байқау 16 құзыреттілік бойынша іріктеу жүргізген. Облыс бойынша болып өткен байқауда Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенті Жадырасын Оразымбет, Серік Қасқырбай, Арал индустриалды-техникалық колледжінің студенті  Хамза Жандәулетов, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Жазира Серікбаева, Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің студенті Есенжол Базархан, Шиелі индустриалды аграрлық колледжінің студенті Төрехан Асанханұлы және т.б белсенді студенттер қатысып, жүлделі орын мен сыйақы иеленді. Сонымен қатар қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "World Skills QAZAQSTAN" байқауының республикалық шарасына бақ сынасуға жолдама алды.
1946 жылдан бастау алған"World Skills QAZAQSTAN" жобасына әлемнің 80-нен астам мемлекеттері қатысады. Дамыған заманда кәсіптік мамандықтардың маңызы ерекше. "World Skills QAZAQSTAN" ұлттық чемпионаты 2014 жылдың 10-шы шілдесінен бастап халықаралық  "WorldSkills International"  қозғалысының қатысушысы болып бекітілді."WorldSkills International" жұмысшы мамандықтардың құзыреттілігін көтеру, техникалық оның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру. Чемпионат 18-22 жастағы жастар арасындағы кәсіптік мамандықта оқитын үздік студенттерді анықтайды. Аталмыш шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан  Рүстемұлы, "Нұр Отан"  партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасның  Ι орынбасары Ақмарал Әлназарова, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры  Ғалымбек Жақсылықұлы байқауға қатысып, төрелік етті.
  Нұрай ОҢАЛ ,ҚМУ-дың  ΙΙ курс студенті
10 маусым 2019 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930