» » Түйе өніміне сұраныс жоғары

Түйе өніміне сұраныс жоғары

  Мал шаруашылығы – қазақтың, жанына жақын ата кәсіптің бірі. Малдың бабын ежелден жетік білген дана халқымыз нәсібін дәл осы кәсіптен тапқан. Бүгінде қой, жылқы немесе сиыр бағумен айналысып жүрген шаруаларды жиі кездестірсек те, төрт түліктің төресі түйені бағатын жанды жолықтыру қиын. Бүгінде түйеден өнім шығарып, халықты отандық өніммен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкердің бірі – Сабыр Ермаханов.  Ол тың кәсіпті қолға алды.
Шиелідегі "Ару-ана" шұбат өндіру цехы үш жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. Ең қызығы аталмыш цех түйе сүтінен балмұздақ өндіреді. Бұл кәсіптің арқасында тұрғындар табиғи өнімді тұтынуда. Қазақ үшін ағарғаннан артығы жоқ. Қатық, айран, құрт әр үйден табылары сөзсіз. Ал отандық өнімді сұранысқа айналдырған кәсіпкер күніне 1 тонна шұбат пен сиыр сүтін дайындайды. Бүгінде сиыр сүтінен айран, құрт, йогурт, сүзбе тұрғындар үшін қолжетімді. Шикізат Балаби ауылы мен "Шиелі төрт түлігі" ауыл шаруашылығы кооперативінен әкелінеді. Бүгінде түйе балмұздағы халықтың сұранысына ие. Күніне 1000-ға жуық балмұздақ ауданға жетпей де қалған сәттерде болады. "Кәсіпкерлік және туризм басқармасы" арқылы аталмыш цехтың технолог маманы Баян Дүйсенбекованың байланыс нөмерін алдық. Оның айтуынша тәулігіне 7 түрлі балмұздақтың мың данасы жасалады екен. 
– 6 пайыз мөлшерімен балаларға арналған балмұздақ шығардық. Оның пайдасы өте зор. Балмұздақ жазды күні салқындатып қана қоймайды, өте тойымды яғни бір жеген адамға тойымдылық береді. Оған қазіргі таңда сұраныс ұлғайып жатыр. Бізде ең әуелгі процесс түйе сүтін тексеруден басталады, яғни, арнайы аппараттың көмегімен сүттің майлылығы, тығыздығы, ақуыз мөлшері анықталады. Сосын тексерістің екінші кезеңіне өтеміз. Ол жоғары градуста қайнату арқылы белгілі болады. Ке¬йін өнім 92 градуста пастерленеді. Бұдан соң жұмыс салқындату, ұйыту, қайта салқындату ¬сияқты бірнеше сатыдан өтеді. Одан кейін дайын өнім құтыға құйылады. Жарамдылық мерзімі қазір 1 жылға ұзарды. Бұған дейін 2-5 ай ғана дейін пайдалануға болады. Былтыр Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті мамандарымен бірлесе отырып шұбат өніміне арналған ұйытқы шығардық. Шұбат сусыны қазір шетелдің емес, өзіміздің ұйытқы арқылы әзірленуде. Бүгінде цехтан шығарылатын өнім облыс¬тың барлық аумағын қамтып отыр. Болашақта Алматы қаласына шығару жоспарлануда, – дейді технолог маман.
   Ғаламторды аша қалсаңыз сүт, қатық, қаймақ іздеушілер көп. Демек бұл сұранысты көп қажет ететін кәсіптің түрі. Осы істі қолға алып, ауданды ғана емес, облысты сүт өнімдерімен қамтып отырған кәсіпкер Сабыр Ермаханов 80 адамды жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ 750 түйе, 485 сиыр, 150 жылқы өнімінің игілігін ел көруде.
Бүгінде цехта сарысу өндіру жолға қойыла бастады. Көп күттірмей сүзбе-ірімшік, сарысу өнімі шығарылды. Сарысудың адам ағзасына пайдасы зор. 
Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін халық түсініп келеді. Себебі аймақта кәсіпкерлік саласы дамыды. Бүгінде "қандай шаруамен айналыссам болады?" деп көп ойланбайсыз. Бар-жоғы кәсіпкерлік палатасының көмегіне жүгінесіз. Осылайша әп-сәтте сұрағыңыздың шешімін табасыз. Кәсібіңізді де дөңгелетесіз.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА

17 қазан 2019 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031