» » ФУТЗАЛДА ҚОС ҚУАНЫШ

ФУТЗАЛДА ҚОС ҚУАНЫШ

  Футзалдан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» клубтары элиталық кезеңге жолдама алды.
Мажарстанның Береттьоуйфалу қаласында өткен бәсекеде сынға түскен «Қайрат» командасы үш ойын өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті. Алғашқы екі ойында қарсыласына есе жіберген алматылық ұжым соңғы турда алаң иелері – «Береттьоуйфалу» клубын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, топта үшінші орын иеленді. Жарыс ережесі бойынша элиталық кезеңге топта алғашқы үш орындағы командалар жолдама алады.
Ал Литваның Каунас қаласында бақ сынаған Рудныйдың «Аяты» да турнирдің элиталық кезеңінде ойнауға мүмкіндік алды. Бір ойында жеңіске жетіп, екі матчта жеңілген «Аят» үшінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды. Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 19-24 қараша күндері өтеді. Финалдық бәсеке 2020 жылдың 23-26 сәуір күндеріне жоспарланған. Ал айтулы додаға қатысатын клубтар мыналар:
«Қайрат» (Қазақстан)
«Аят» (Қазақстан)
«Спортинг» (Португалия)
«Добовец» (Словения)
«Мостар» (Босния мен Герцеговина)
«Бенфика» (Португалия)
«Херсон» (Украина)
«Халле-Гооик» (Бельгия)
«Барселона» (Испания)
«Тюмень» (Ресей)
КПРФ (Ресей)
«Мурсия» (Испания)
«Спарта» (Прага, Чехия)
«Ново Вриеме» (Хорватия)
«Столица» (Беларусь)
«Пезаро» (Италия)
19 қазан 2019 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031