Отандық танымал әнші Қуандық Рахым жеке өміріне қатысты сырын ашып, қазіргі таңда бір аруға ғашық екенін айтты. Бұл туралы өнер иесінің "Қарақатпен шай" бағдарламасына берген сұхбаты кезінде мәлім болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Талай бойжеткенге арман болған эстрада жұлдызы өз ойында жүрген аруға әлі қолы жетпей жүргенін де жасырмады.
"Ойымда жүрген ару бар. Ол өзі екенін өзі де білмейтін шығар. Көреміз енді бұйыртса. Танымал емес, өнерге қатысы жоқ. Бірақ, нақты әлі шешілген жоқ", - дейді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі ерлі-зайыптылар арасындағы жас айырмашылығына қатысты да ойын білдірді.
"Жас айырмашылығы қатты әсер етпейтін шығар деп ойлаймын. Көңіл жарастығы болса болды ғой. Өзімнің көзқарасым қатты айырмашылық болмау керек сияқты. Сенің заманында өсіп келе жатқан адам болса жақсы емес па? Оның ойы да, ойлау деңгейі де өзіңмен бірдей" , - дейді Қуандық Рахым.