» » "Күйеуім бар": Дильназ Ахмадиева тұрмысқа шыққанын жария етті (фото)

"Күйеуім бар": Дильназ Ахмадиева тұрмысқа шыққанын жария етті (фото)


Қазақстандық эстрада әншісі Дильназ Ахмадиева ешкімге айтпай, тұрмысқа шығып алған. Әнші сұхбаты барысында өзін енді отбасылы адам екенін айтты. Ахмадиева күйеуі бар екенін жасырмағанымен оны қалың жұртқа жария етіп, мақтанудан аулақ екенін жеткізді.
"Мен тұрмыстағы адаммын. Қандай да фильмге түспес бұрын күйеуімнен сұраймын.
Рұқсатын берсе, әрине түсуге әзірмін. Жеке өмірімді жалпақ жұртқа жар салғанды ұнатпаймын. Бастысы, күйеуім бар.
Жасырмаймын, тұрмыстамын. Ол бар болса, бәрі жақсы болады" , - деп өміріндегі жаңалығымен бөлісті өнер иесі.
Оған қоса, жақында болған концерттердің бірінде кең көйлек киіп шыққан жұлдызды көпшілік жүкті деп болжады. Шоу-бизнес өкілінің бұл тұжырымдарға да айтары бар болып шықты.
"Босанған кезде айтармын. Қазір барлығын жайып салғым келіп тұрған жоқ. Мүмкін перзентханаға да шақырып қалармын" , - деді Дильназ
 
23 қазан 2019 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930