» » Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін көрсетті

Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін көрсетті

    Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін кездестіргенін растады. Әнші жеке өміріндегі жағымды жаңалығы туралы Shownews.kz порталына берген сұхбатында айтып берген.
Өнер иесі алғашқы жары Арыстанды көпшілікке таныстырып, тіпті отағасымен бейнебаян түсірген де еді. Алайда бұл жолы аузы күйген Әуелбекова сүйгенін жария етуді қаламайтынын айтты.
"Оны халыққа көрсетуден қорқамын. Себебі, ара-қатынасымызға кері әсері тиіп кетуі әбден мүмкін. Жақында жеке өмірімде жаңалықтар болады. Күтіңіздер. Сүйіктім бар. Ол жанға ешқандай талап қоймаймын. Әзірше құпия болып қала берсін. Уақыты келгенде білесіздер. Келесі клиптің сюжетінде баянды махаббатты суреттейміз. Тың туындымды сүйіктіме арнағаныммен, басқа жігітті актер етіп таңдадым", - деді әнші.
Сондай-ақ әнші ертерек тұрмысқа шығып, балама бауыр туып берсем деген жоспарымен де бөлісті.
25 қазан 2019 ж. 1 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930