Ким Чен Ын әйелін өлім жазасына кескені рас па?
Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынның жұбайы соңғы төрт айдың ішінде алғаш рет ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ли Соль Чжу осы аптада Кымгансан тауына сапарлаған күйеуінің жанында болды. Ким Чен Ын ол жақта Оңтүстік Кореямен бірлесіп салынған куртортты аралап, Сеул тұрғызған нысандарды сүруге бұйрық берді. Себебі олар «құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттар сияқты көрінеді», дейді.
Бұған дейін Ли Соль Чжу ел алдына 20-21 маусымда ҚХР президенті Си Цзиньпин Пхеньянға сапармен келгенде шыққан еді.
Басылымда аталғандай, өткен жылдан бері мемлекеттік БАҚ-та шамамен айына бір рет Ли Соль Чжудің есімі аталатын. Сондықтан оның 4 ай жұрт көзіне түспеуі бірден байқалған. Десе де Солтүстік Корея лидерінің жұбайының ел алдына шықпауының ресми себебі айтылмады.
Оңтүстік кореялық БАҚ-та Ли Соль Чжудің жүкті екені туралы ақпарат пайда болған. Алайда соңғы суреттерге қарағанда, Ким Чен Ынның жұбайы сәби күтіп жүргенге ұқсамайды, дейді Daily Mail.
Ким Чен Ынның жеке өміріне қатысты мәліметтер аз. Ол Ли Соль Чжуге, болжам бойынша, 2009 жылы үйленген. Алайда олардың қарым-қатынасы туралы 2012 жылы ғана белгілі болды. Ерлі-зайыптының 3 баласы бар деп топшыланады.