Алла Пугачеваны жерлеу рәсімі Кузьминский шіркеуінде өтеді
Ресейдің жарық жұлдызы Алла Пугачеваны жерлеу рәсімі Кузьминский шіркеуінде өтеді. Мүсіншілер қазірдің өзінде отбасылық криптің нобайларын жасауда. Бұл туралы ресейдің сайты жазды. 

Алла Пугачева өлген соң өзінің мәйіті жерленетін орынды таңдаған. Ол Кузьминск зиратында, әншінің ағасының қабірінің жанында орналасқан. Мүсіншілер қазірдің өзінде отбасылық криптің нобайларын суретшімен ақылдас отырып жасауда. Олар жұлдыздың үйіндегі - «AB» жазуы сияқты, герб немесе монограмманы қолдануды ұсынған. Бұл туралы Ресейдің «Звезды сошлись" бағдарламасы кезінде белгілі болды. Алла Борисовна соңғы күнге дайын және оны алдын-ала ойлау керек деп санайды, өйткені өлім күтпеген жерден келеді.
Аударған Гүлбану МАҚАЖАН