» » «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!»

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!»

   Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Дөңгелек үстелге облыстық басқармалар мен департаменттерден мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты тұрғындар арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Дөңгелек үстелде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Әбілқасымова Гүлназ Валийқызы және Қызылорда облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қаршыға Ғалымжан Қаршығаұлы тақырыптық баяндама жасап, кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Алдағы уақытта осындай жұмыстар жоспарға сәйкес өз жалғасын табатын болады.
29 қазан 2019 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930