» » Мәдина Оспанова Төреғалидің "тоқалы" ма?

Мәдина Оспанова Төреғалидің "тоқалы" ма?

 
  Төреғали Төреәлімен бірге комедияда басты рөлді сомдаған актриса Мәдина Оспанова әншімен ара-қатынасы туралы шындықты бөлісті. Айтуынша, араларында сезім түгіл, берік достық та жоқ, деп хабарлайды Stan.kz. «Арамызда ешнәрсе жоқ. Төреш аға екеуіміз съемкі барысында тек актерлер секілді қарым-қатынаста болдық. Тіпті, съемкі бітіп, режиссер «стоп» дегеннен кейін бізді таппайсыздар. Мен өз үйіме, ол кісіге өз үйіне кетіп қалады. Өмірде де қатты көріспейміз. Тек арасында өнер көрсеткен кездерде ғана. Арамыз жақсы, ешқандай кикілжің болған жоқ. Көбісі «Төреғали қалай екен?» деп сұрап жатады. Мен «нормально» екенін айтамын», - дейді актриса ару. 
Алайда желі қолданушылары Мәдинаны әншінің екінші әйелі етіп қойған еді. Тіпті, осы қауесетке сеніп, өзіне жағымсыз пікір жазатындардың қарасы көп екенін жасырмайды. 
«Сол нәрсені түсіне алмаймын. Әлі күнге дейін дайректі ашып қалсам, «Ұятсыз, сен сол Төреғалидің әйелінің көз жасына қалдың, қарғыс атсын» деген ауыр нәрселер жазады. Жоқ, қойыңыздаршы. Соншама не істеп қойдым? Менің оларға мүлдем қатысым жоқ. Біз, тіпті, өмірде араласпаймыз да. Бізде бар болғаны «Барлығы төсек арқылы» деген стереотип қалып қойған. Басты рөл ойнағандардың бір-біріне ғашық болып қалатыны тағы да бар», - дейді Мәдина Оспанова. 
Ел Төреғалидің “тоқалы” деп ойлаған актриса өз шындығын айтты >>>
Сондай-ақ, бойжеткен актерлердің тек бір-біріне ойнаған кейіпкерлерге ғашық болатынына тоқталды. Яғни фильмнен кейін қосылса да, кейін ажырасып кетіп жатады. 
01 қараша 2019 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031