» » КӘСІПОДАҚ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

КӘСІПОДАҚ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

   "Кәсіподақ өнерлі мүшелерін қолдайды" атты өнер байқауында "Ән өнері"," Аспапта ойнау шеберлігі" және "Жеке немесе топтық би" кезеңі бойынша  І орынды №3 емхана иеленді. Ал ІІ орынды «ΑLEXSEI SULTAN AHMET» ЖШС емханасы, ІІІ орынды №6 емхана еншіледі. Аталмыш байқау "10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне" орай, "SENIM кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық өкілінің ұйымдастыруымен өтті.  
ҚР денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басын біріктіріп, өз алдына жаңа отау көтерген кәсіподақ ұйымы өзінің кәсіби мерекесін тұңғыш рет сала қызметкерлері арасында ұйымдастырды.
  Шарада "Үздік ән" номинациясымен медициналық жоғары колледжі оқытушысы, Гауһар Балтабаева марапатталса, "Үздік би" номинациясы бойынша Қызылорда қалалық аурухананың «Үнді биі» бишілер тобы, "Аспапта ойнаудың үздігі" номинациясымен облыстық психоневрологиялық диспансерінің қызметкері Қарлығаш Сейдалиева марапатталды.
Жеңімпаздарды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ермекұлы тқұттықтады.
03 қараша 2019 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031