» » Жас ғалымның жетістігі

Жас ғалымның жетістігі

 Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін ізденуші Ақерке Болатқызы «Қазақ эмигранттарының естеліктері және мемуарлық шығармаларды оқыту» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ақерке қазақ эмигранттарының зертеуін жоғары оқу орнында оқытудың маңыздылығын эксперименттік тәжірибе арқылы дәлелдеп, «Қазақ эмигранттық әдебиеті» атты оқу-әдістемелік құралын әзірлеген. Зерттеу жұмысымен айналысу барысында 20-дан аса отандық және шетелдік басылымда ғылыми мақала жариялаған.
Жас ғалымның ғылыми кеңесшілері филология ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Бағдат Кәрібозұлы, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Ботагүл Тұрғынбаева және Түркия Республикасы, Қажы Байрам Уәли университетінің профессоры Хулия Касапоглу Ченгел.
Қазақ диаспоралық әдебиетімен эмигрант естеліктері – әдебиет саласында бұрын-соңды зерттеу нысанына айналмаған тақырып. Ізденуші ғылыми жұмысында қазақ эмигранттары Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай, Халифа Алтай, Хасен Оралтай, Әлім Алматтың жазбасынан талдай отырып, жанрлық ерекшеліктеріне, тарихи-танымдық, тәрбиелік мәніне тоқталды.
Осы еңбегі үшін Ақерке Болатқызы философия докторы (РhD) дәрежесін иеленді.
03 қараша 2019 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031