"Ауру деп түсік жасатпақ болған": сау бала туған тараздық әйел дәрігерлерді сотқа берді

Тіпті, дәрігерлер сәбидің тумай жатып шетінейтінін жеткізген. Алайда әйел сау бала босанғанын айтады. Ашынған ана сәбиінен айырмақ болғандарды сотқа берді. Неге екені белгісіз құзырлы мекеме арнайы медициналық сараптаманы әзірлемей отыр. Ол министрден көмек беруін сұрады.
«Сараптаманы күткеніме 7 айдан асты. Бірақ, әлі күнге дейін сот-медициналық сараптама қорытындысын ала-алмай отырмын. Тараз, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының өзінде сараптама жасата алмай жүрмін. Қанша уақыт болды күткеніме. Маған ақша да, басқа да қажет емес. Бастысы дәрігерлер заң алдында жауап берсе екен», - деді Тараз қаласының тұрғыны Надира Бешалиева.
Ал ҚР әділет министрі Марат Бекетаев медициналық сараптама әзірлеу үшін алдымен тергеушіге жүгіну керектігін айтты.
«Немесе адвокаттың көмегі арқылы шыға аласыз. Біз сіздің мәселеңізді тікелей бақылауға аламыз. Қажет болса, адвокат жалдауға да көмектесеміз», - деді ол.
Nur Otan партиясының алаңында өткен министрдің қабылдауына 17 адам жазылған. Аймақ тұрғындары жеке сот орындаушыларына наразылықтарын білдірді. Ал Марат Бекетаев барлық арыз-шағым назардан тыс қалмайтынын жеткізді.