» » Үміткерлерді іріктеу басталды

Үміткерлерді іріктеу басталды

   «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу басталды. Тереңөзек кенті және Н.Ілиясов атындағы ауылда алғаш рет пікірсайыс форматында өткен шараға 12 үміткер қатысты.
Биыл Елбасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның сая­си кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасын ұсынған еді. Жаңғыру бағдар­ламасында Нұрсұлтан Назарбаев  партия жанына белсенді азаматтарды топтастыру, пар­тияның ядролық электоратын қалыптастыруды тапсырды. Осы мақсатта облыста «Nur Otan» партиясы Сырдария ау­дандық филиалының кадрлық резервін қалыптастыру қолға алынды. Аудан бойынша кадрлық резервке 47 үміткер тіркелген. Енді олар 15 қарашаға дейін бағдарламаларын халық арасында насихаттайды. Еркін, ашық пікір алмасу мақсатында өткен бұл шара үміткерлер үшін тиімді мүмкіндік болды.
Тереңөзек кентінде өткен пікірсайыста алғашқы 6 үміткер ел алдында партиялық резерв құрамына қабылданудағы мақса­тын жеткізді. Алғашқы кезеңде өздерін және бағдар­лама­ларының негізгі бағыт­тарын таныстырып, екінші кезеңде «Аумақтың өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында ойларын ортаға салды. Мұнан кейін пікірсайыс шарты бойынша үміткерлер бір-біріне сауал қойып, бағдарламада айтылған мәселелердің шешілу жолдарын нақтылады. Айталық, 10 жылға жуық облыстық ішкі істер департаментінде қыз­мет атқарған Жұмабек ­Ембергенов аудан тұрғындары ара­сында қылмысты азайту, алдын алу бағытында жұ­мыс істегісі келетінін айтты. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің жандануына үлес қосқысы келеді. Ал, ағыл­шын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Жәкиеваны жас­тар ара­сын­дағы жұмыссыздық алаң­да­тады. Оның айтуынша, бүгінде жастардың 40-50 проценті мемлекеттік бағ­дар­ламалардың атын ғана біледі.  Аудандық «Тіршілік ты­нысы» газеті редакторының міндетін атқарушы Ақтөре Ибрагимұлы бағдарламаны жа­сауда тұрғындардың талап-тілегін жергілікті атқарушы билікке жеткізіп, мәселенің оң­тайлы шешімін қарастыру мақсаты болғанын атап айтты. Пікірсайысқа мұнан бөлек Қайрат Ерманов, Елена Мясцова, Бөлебай Әбдіқадыров қатысып, аудан көлеміндегі алаңдатарлық мәселелердің шешімін ұсынды.
Ал, Н.Ілиясов атындағы ауыл­да өткен пікірсайыста үміт­керлер ел өміріндегі түйткілді тұстарды тарқатудың жолдарын ұсынды. Алғаш болып сөз алған «Мағжан және компания» ЖШС басшысы Дархан Ералиев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ауылға жаңа емхана салу үшін қаржы бөлуге дайын екенін жеткізді. Қазір ауылды «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына жалғайтын 2 шақы­рымдық жолдың жағдайы мәз емес. Кәсіпкер алдағы уақытта жолды күрделі жөндеуге ықпал жасайтын болды. Ал, жас тілші Майя Қожабайдың пікірінше, бүгінде Шаған ауыл­ында мал ұрлығы көбейген. Мұның бір себебі, жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды. Сондықтан, ол ауыл­да спорттық шаралардың жиі ұйымдастырылуына және негізгі көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысына бастамашы болмақ.
Пікірсайыста Ербол Медет инвесторлар арқылы Шаған ауылының даму деңгейін арттыруға, Ғалия Жаңабаева жас мамандардың кәсіпке бейімделуіне ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ, үміткерлер Ілияс Анафияев пен Медет Мауханов көпшілік көкейінде жүрген мәселелерді тап басып, ел жағдайын жақсартуға жұмыс істейтінін айтты.
Айта кетейік, өткір тіл мен ой жүйріктігі сыналатын пікірсайыс форматында өткен шараға басқа да үміткерлер қатыса алады. Ал кадрлық резервке 47 үміткердің  тек 30-ға жуығы қабылданады.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.
16 қараша 2019 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031