Балуандар Ақмешітте бас қосты
Дүйсенбіде "Еуразия" спорт кешенінде қазақ күресінен ерлер жəне əйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Ел чемпионатына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 500-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасуда.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс əкімінің міндетін атқарушы Наурызбай Байқадамов, ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дəурен Абаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.
Ел чемпионатының алғашқы күнінде боз кілемге ерлер (90, 100, +100 келі) шығып, жарыстың көркін қыздырды. Жоғары салмақ дәрежісінде сынға түсіп, жүлдегер болған балуандарды оқырман назарына ұсынамыз.
90 келі:
1. Айбол Айтбек (Жамбыл),
2. Ерасыл Жаңатаев (Алматы қ.),
3. Сұңғат Закаряев (Атырау),
3. Əділет Мысин (Ақтөбе).
100 келі:
1. Мұхит Тұрсынов (СҚО),
2. Нұрым Сəлімгереев (Қызылорда),
3. Арман Қалиев (Атырау),
3. Ерқанат Молдағұлов (Қарағанды).
+100 келі:
1. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл),
2. Айбек Нұғымаров (ШҚО),
3. Мақсат Исағабылов (Қызылорда),
3. Нұрдаулет Жарылғапов (Маңғыстау).
Жарыс бүгін əйелдер бәсекісімен аяқталады.