» » "ҚАЙСАР" 6 ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

"ҚАЙСАР" 6 ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

   Қызылордалық "Қайсар" премьер лиганың 33 турында "Оқжетпес" командасын қабылдап, ұпай бөлісті.
Турнирлік кестеде қатар келе жатқан қос команданың тартысы Қызылордада өрбіді. Ойынды Стойчоның шәкірттері жылдам шабуылмен бастады. Қонақтардың қақпашысы Руслан Абжанов бірнеше қауіпті соққыны тойтарып, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Кездесудің 40-минутында Тигран Барсегянның оң қапталдан тепкен добы қақпаның тоғызыдығынан табылды. Есеп 1-0! Барсегянның голынан кейін қос команда үзіліске бет алды.
Ойынның екінші жартысында Андрей Карпович алаңға тыңнан тәжірибелі Танат Нөсербаевты шығарды, Андрейдің үкілеп қосқан ойыншысы үмітін ақтап, 84-минутта есепті теңестірді. Кездесу аяқталар тұста Тигранның бағыттаған добы қақпа маңдайшасынан кері серпілді. Осылайша Қызылордадағы кездесу 1-1 есебімен аяқталып, "Қайсар" маусым қорытындысымен 6 орынға ие болды.
18 қараша 2019 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31