READx – даму дағдысы

READx – бұл оқырмандарды шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиған-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!».
Кітапханалық READx жобасының форматы, кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдерін бірігуі.
Жобаға оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары мен қызметкерлері қатыса алады. Әр спикердің оқыған әдебиеттері бойынша арнайы кітап көрме қойылады.
Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, тыңдаушылар спикердің сөз сөйлеуі, пікірі, идеялары мен тәжірибесі қандай әсер қалдырғанын айқындайды. Мұндай жоба оқушыларды әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты босқа өткізбей, кітап оқуға шақырады. READx жобасының нәтижесі ретінде іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар мен оқытушылар өзін қызықтырған әдебиеттерді оқуға алады.