» » Шекарашы − Бексұлтан

Шекарашы − Бексұлтан

    2019 әскери бөлімінің жеке құрамына жаңадан қосылған  ҚР Шекара академиясын бітірген лейтенант − Бексұлтан Ілес. Ол бүгінде 2019 әскери бөлімінің «Кәрібайбұлақ» заставасы бастығының қызметін атқаруда.
         Бексұлтан Жамбыл облысы Т.Рұсқұлов ауданы, Құлан ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң бала күнгі арманына асығып ҚР Шекара академиясына оқуға түседі. Бексұлатан – әскери бөлімдегі қырағы шекарашылардың бірі. Жас та болса, өз міндетін тиянақты аатқарып, іскерлігімен көзге түсуде. Ол ‒ үлкен ұжымда алдыңғы буынды құрметтеп, замандастарымен тез тіл табысты.
− Отан үшін отқа да, суға да түсуге даяр полиция қызметкері болуды армандап өстім. Қызметтің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалау оңай шаруа емес. Өзгеден тәртіпті талап ету үшін өзіміз тәртіпті болуымыз керек. Өзіме жүктелген міндетті абыройлы атқаруға күш саламын. Полиция қызметкері болуды ер баланың басым бөлігі армандап өседі ғой. Бұл қызмет маған үлкен міндет жүктейді. Департаментке жұмысқа қабылданып жатқан жастар бар. Ең бастысы біліммен қатар, табандылық және қызметке адалдық қажет, − дейді Бексұлтан.
         Бексұлтан ‒ бір сөзді, рухты жігіт. Шекара қызметі үнемі қырағылық пен сақтықты, батылдық пен жылдамдықты қажет етеді. Бексұлтан осы талап үдесінен шыға білген шекарашылардың қатарынан деп нық сеніммен айта аламыз.
Гүлмира ПІРІМЖАНОВА,
2019 әскери бөлімінің кітапханашысы
19 қараша 2019 ж. 443 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031