Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектепте «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында іс-шара өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссия мен Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Жалағаш аудандық жұмысшы тобы қатысты. Іс-шара мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын қалыптастыру, олардың тамақтану мәдениетін сақтау арқылы тамақтанудың денсаулыққа тиімді әсерін кеңінен түсіндіру, тамақтанар алдынадағы санитарлық талаптың сақталуын үйрету, тағам әзірлеудің әдістерін түсіндіру. Аталмыш мектепте 55 бала, яғни оқушылардың 16,2% қамтылған.
Дұрыс тамақтану өсіп келе жатқан жас организмге саламатты даму, қалыптасу процесіне өте қажет. Аталмыш шарада қол жуу ережелері, жеке бас гигиенасын сақтау қағидалары түсіндіріліп, салауатты тағам әзірлеу әдістері және адам ағзасына пайдалы тамақтармен дастарханның жайылу үлгісі көрсетіліп, оқушыларға екі апталық тамақ көремесі ұйымдастырылды
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті