Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшыларына дәріс оқылды
Ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД-де мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшыларына дәріс оқылды.
Дәріс тақырыптары төмендегідей болды: «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы, Азаматтық қорғау саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер, байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері, Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі, Террористік акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халықтың және лауазымды тұлғаның іс-қимылы, Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алқашқы көмек көрсету, Төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру.
Соңында дәріске қатысушылар Департаменттің музейін тамашалап, Департаменттің тарихымен және экспонаттарымен танысты. Аталмыш дәріске 43 бала-бақша меңгерушісі қатысып, оларға Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев сертификатты табыстады.
Қызылорда облысы ТЖД