» » Облыстық әйелдер форумы өтті

Облыстық әйелдер форумы өтті

Қызылорда қаласында "Отбасы. Қоғам. Құндылық" тақырыбында облыстық әйелдер форумы өтті. Басқосуды Қызылорда қаласының әкімдігі, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастырған.   Шараға отбасындағы құндылықтардың мемлекетіміздің мызғымас беріктігін, тыныштығын сақтауда, бала тәрбиесінде алар орны, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мәселелерін талқылау мақсатында көп балалы аналар, облыстық әйелдер, аналар кеңестері мүшелері мен түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтар, көп балалы және жас отбасылар қатысты. Форумды облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахмеддулақызы жүргізіп, шараның мақсатына жан-жақты тоқталып, еркін ой пікір алмасуға шақырды.
Кәмілет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судиясы Бержанов Қайратбек Маханбетұлы өз ойын ортаға салды.     "Еуразиялық Банк" АҚ Қызылорда филиалының басшысы Айжан Әріпжанқызы "Отбасы қаржысын жоспарлау" тақырыбында баяндама жасады. Облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері Серекова Гүлнұрайым Әбдіғаппарқызы «Ұрпақ денсаулығы – ұлт болашағы» тақырыбында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Ұрпағыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле» деген ұстаным бағытында №10 Білім инновация лицейінің мұғалімі Есбосын Нағиша Қожаққызы ойын ортаға салып, қыздармен сырласу авторлық бағдарламасымен бөлісіті. Облыстық әйелдер, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мусаева Нұрсауле Дүйсембайқызы алғы сөз сөйлеп, бүгінгі тақырыптың мазмұны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады. Бұдан өзге бала денсаулығын қорғау, қыз баланы тәрбиелеу мәселелері қозғалды.
Баламекен мөлтек ауданының тұрғындары мемлекеттарапынан жасалып жатқан қолдауларға отбасыларының атынан алғыстарын білдірді. Шара соңында қатысушылар мен пікір алмасып, облыстық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын қолдау бағытында елеулі үлес қосып келе жатқан біршама қыз-келіншектер марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен бірге, шараға шақырылған жас отбасылар арнайы құттықтау алып, xалқымыздың дәстүрі бойынша оларға қамшы мен ақорамал табыс етілді.
Гүлбану МАҚАЖАН


25 қараша 2019 ж. 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031