» » Жерлестері Ақ Баянын есіне алды

Жерлестері Ақ Баянын есіне алды

   Қазалыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауы өтті. Ән байқауына Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарынан талапкерлер қатысты.
Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, әншілерге сәттілік тіледі. Екі кезеңді қамтығын байқауда талапкерлер Мәдина Ералиеваның репертуарындағы әнге қоса  өздерінің қалауы бойынша бір әнді шырқады.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Байқау қортындысында өзгелерден басым түскен Мадияр Жеткерген Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, Нұрбол Тұранов І, Аманжол Сламов, Айтуған Сембаев пен Ерлан Едігеев ІІ, Динара Жакешова, Әмір Сариев, Әсел Тұрғанбаева ІІІ орынды еншіледі. Байқаудың «Ақбаян» номициясымен Айғаным Тілепова марапатталды.
Аталмыш  байқау Қазалы ауданы әкімінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылып, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәденет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп өткізілді.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы
06 желтоқсан 2019 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031