» » ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖҮГІ АУЫР

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖҮГІ АУЫР

Тәуелсіздік алғаннан кезеңнен бері еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі мақсаты – тиімді тетіктер мен институттарды құру екені көпке аян. Бұл үрдіс үнемі жетілдіріп келеді. Және мемлекеттік басқару құрлымының назарына түскен емес. Бұл жұмыс ел аумақтарында белсенді жүріп жатыр.  Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемле­кеттік қызмет және сы­байлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері жөнін­дегі Қазақстан Рес­публи­касы­­ның кейбір заң­намалық акті­леріне өз­ге­рістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңға сәйкес бас­­шы­лардың қол астын­да­ғы қыз­мет­керлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген.
Саяси мемлекеттік басшылық лауазымдағы қызметшілер, егер олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, міндетті түрде жұмыстан босату үшін өтініш жазады. Өйткені 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәсе­лелері бо­йынша мемлекеттік органдар бас­шыларының қаты­суымен өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бағынышты қыз­мет­керлердің сыбайлас жем­қор­лыққа жол бергені үшін мем­лекеттік органдардың бірін­ші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыз­дылығын атап өткен еді.
Соған сай саяси мемлекеттік басшылық лауазымдағы қызметшілердің тікелей бағынышты қызметкер­лері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, мін­детті түр­де жұмыстан босату үшін өті­ніш жазады. Яғни, атапайтқан­да – министрлер мен олар­дыңорынбасар­лары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­лары мен облысәкімдері мен олардыңорынбасарлары, ауданәкімдері, олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сы­бай­лас жемқорлық құқықбұзу­шы­лық жасаса, міндетті түрде отставкаға шығуға сұрануы керек.
Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставка­ға кетуге міндетті.
Жалпы бір ескерер жайт, «Мем­лекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қыз­метшіні осы лауазымға таға­йындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отстав­каны қабылдау немесе қабылда­мау – бұл сая­си қызметкерді қыз­мет­ке таға­йындаған басшының құзыреті. Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекет­тік қызметшілері болып та­была­тын барлық басқабасшы­лары­на тікелей бағынышты қыз­мет­керлер сыбайлас жем­қор­лық құ­қық бұзушылық жасаған жағ­дай­да алдыңғыларға тәртіптік жауап­­кершілік қарас­тырылған.
         Сонымен қатар мемлекет бас­шысы қол қойған заңда бас­шыларға бағынышты қызмет­керлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалуы немесе тиісінше орындалмауы басшыны тәртіптік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады. Нормативтік құқықтық акті­лердің жобаларына сыбайлас жем­қорлыққа қарсы сараптаманы енгізу де жаңалық болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу әрбір азаматтың борышы деп білемін.
Марал Тұсмағамбетова, 
Қызылорда облысы бойынша
Қазынашылық департаментінің
бөлім басшысы
09 желтоқсан 2019 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031