ЖРВИ эпидахуал
2019-2020жж. эпидмаусымында жалпы облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 3327 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 428,1%00 құраған.
Ауруға шалдыққандардың 72,5% (2415) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16% (396) 1 жасқа дейінгі балалар. Есепте тұрған 9730 жүкті әйелдің 163 ЖРВИ-на шалдыққан. Ауруханаға жатқызылу көрсеткіші жалпы облыс бойынша 19% (632 жағдай) құрады.
Апталық аурушаңдық көрсеткіш мониторингісіне сәйкес облыстық аурушаңдық апталық көрсеткішінің бақылау деңгейінен асуы және эпидахуалдың күрделенуі байқалмаған.
2019-2020 жж. эпидмаусымында ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен 119 науқас Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасына ПТР әдісімен тексеріліп, 84 сынамада тұмау емес вирустарға оң нәтиже анықталды. Олардың 29-аденовирус, 4- РС, 5- парагрипп, 13 – риновирус, 17- бокавирус, 16-короновирус.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2019-2020 жж. эпидмаусымына 80 000 доза вакцина сатып алынды.
Егілуге тиісті тұлғалар конитгентіне келесі топтар кіреді: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдер, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар. Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.
Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Жұмыс берушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды