ҚОС ЖЕҢІМПАЗ

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы кубокқа жекпе-жек сайыстан халықаралық турнир өтті. Айтулы бәсекеде 2019 әскери бөлімінен екі қатысушы бақ сынап, жеңімпаз атанды.
       Сегіз мемлекеттің үздіктері қатысқан  халықаралық турнирде 2019 әскери бөлімінің десанттық шабылдау заставасының атқышы, ефрейтор Нұрбол Айтжанов 85 келі салмақта сынға түсіп, ІІІ орынды қанжығасына байлады. Ал заставаның тағы бір қызметкері Бақытбек Сәрсенғалиұлы 80 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді. Шараның жабылу салтанатында шекарашылар айтулы аламанның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді. Спортшылар аймаққа оралған соң 2019 әскери бөлімінің командирі, полковник Айдар Каженов шекарашыларды арнайы құттықтап, ілтипат көрсетті.

10 желтоқсан 2019 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031