» » ҚАРАМАННЫҢ ҚАРЫМЫ

ҚАРАМАННЫҢ ҚАРЫМЫ

    Жастар жылының қорытынды шарасы ретінде «Жастар еліміздің болашағы» атты республикалық форумда «Үздік жас маман − 2019» төсбелгісімен қызылордалық Қараман Садықов марапатталды.
Форумды ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылыми комитеті Мемлекет тарихы институты мен «Bilim Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы бірігіп ұйымдастырған.  Салтанатты марапаттау рәсімінде  Арал қаласындағы №2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының құрал-жабдықтар инженері Қараман Садықов  І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Үздік жас маман − 2019» атты төсбелгісін кеудесіне тақты.  Республикалық байқауға 200 жас маман өтінім білдірген. Іріктеуден өткен 75 маманның жұмысы республикалық  жинақ кітабына жарияланды.
Қараман аталмыш білім ордасында бес жылдан аса уақыт еңбек етіп келеді. Белсенді жасты жеңісімен құттықтаймыз!
Гүлбану МАҚАЖАН
09 желтоқсан 2019 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930