» » Халифа Алтайдың көз жасы

Халифа Алтайдың көз жасы

    Тәуелсіздік жайлы жоғарыда жастармен бірге талқыладық. Кейде осы киелі сөзді айтқанда, жазушы Ұларбек Нұрғалымның мына әңгімесі ойыма еріксіз оралады: «...Тәуелсіздік дегенде, Стамбұл көшесінде сәждеге жығылып, еңкілдеп жылаған жарықтық Халифа Алтай атамыз еске түседі. Қытайға бодан болмаймыз деп Алтайдан ауып, Гималай асып, шөл кезіп, арып-ашып, қырылып-жойылып Түркияға табан тіреген ғой. Сол кісі 1991 жылы желтоқсан айының ортасында Стамбұл көшесінде келе жатып, көпшілік радиодан «Бүгін Қазақ елі тәуелсіздік алды, жер бетінде Қазақстан деген мемлекет пайда болды!» деп саңқ еткен дауысты естиді. Естиді де, егіліп жылайды. Сол тұрған жерінде құбыланы тауып, сәждеге кетеді. Жаратқан Иеден: «Иә, Аллам, қазақ деген халыққа ақыры еркіндік бердің-ау, айбарлы мемлекет қыла гөр!» деп тілейді. Қуаныштан ыршыған көз моншақтары тас еденге тырс-тырс тамып ұзақ жатыпты...Азаттықты аңсай-аңсай әбден зарыққан ақсақал ертесінде Қазақстанға бет түзепті...» деп жазады. Осы әңгімеден соң әрбір қазақтың жүрегі Тәуелсіздік дегенде абыздың дұғасындай елжіреп, егіліп тұрса екен дейсің...
Гүлдана Жұмадин
13 желтоқсан 2019 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031