Тәуелсіздік

   Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл тәуелсіздігімізге 28 жыл толды. Жасампаз елі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстанның жолы тағылымы мол тарихымыздың ең бейнелі, баянды беті болып қалмақ.
Әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фарабидің бостандықтың боз таңы атпай тұрғанда  «Адам баласы сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер» дегені тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдікті  мегзеген айқын мақсаты еді.
 Ал, даналығы дара Махатма Ганди  «Аман-саулық – адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты» деп өнегелі өсиетін қалдырған. Міне, тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғымның ұлағаты осындай қастерлі ойға жетелейді. Біз тәуелсіздікке бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен жеттік. Енді кемел келешегіміз үшін аянбай тер төгіп, жалынды жігерді жануға тиістіміз. Тәуелсіздік тұғырлы, егемендік елеулі болсын!
Ерасыл ШӘРІБЕК
12 желтоқсан 2019 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30