
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша 2019 жылдың 23-25 қыркүйек күндері Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр, Қаракеткен, М.Шәменов, Мәдениет, Аққұм ауылдық округтерінде «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасыныңы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында сала мамандарының қатысуымен кездесу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында «Құқықтық сауаттылық – қоғам мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг, жастар арасында «Мен спортты таңдаймын!» тақырыбында спорттық сайыс және «Жастар жылын» атап өту мақсатында мерекелік концерттер өтті.
Сонымен қатар, жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған әдістемелік-нұсқаулық әзірленіп ұсынылды.
Ауданның Қаракеткен, Таң, Ақсу, Мөрәлі Шәменов, Аққұм, Мәдениет және Бұқарбай батыр ауылдық округтерінде жастар арасында сауалнама жүргізіліп, оған 507 респондент қатысты