» » Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары "Реал" футболшыларымен кездесті (фото)

Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары "Реал" футболшыларымен кездесті (фото)

  Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жақында қос ұлымен Испания астанасына барған. Ол Мадридке сапары кезінде балаларының ең асыл арманы орындалғанын айтты. Белгілі болғандай, Сұлтанқызының перзенттері әйгілі "Реал" футбол клубының жұлдызды ойыншыларымен кездесті.
Тележүргізуші қос құлынының арманы орындалғанын Instagram парақшасында жазды.
Сардар мен Сағадат бір матчын да үзбей көретін сүйікті клубының ойыншыларымен кездесіп, естелікке суретке түскен.
"Осыдан тура бір жұма бұрын менің қос құлынымның арманы орындалып, жақсы көретін футбол командасымен кездесіп еді. Екеуі әлі күнге дейін көрген-білгенін еске түсіріп, бір-біріне айтып, мәз-мейрам. Мадридтен кешігіп жеткен суреттер" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Олар "Реал" сапындағы Эден Азар, Тибо Куртуа, Рафаэль Варан, Хамес Родригес, Иско Алакорн, Винисиус Джуниор, Мариано Диаз және тағы да бірқатар жұлдызды футболшылармен қауышқан.
Тележүргізушінің ұлдары аяқдопшылармен олар жаттығатын "Сантьяго Бернабеу" алаңында кездескен.
06 қаңтар 2020 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031