Зымыранның нысананы атқан сәті түскен кадрлар америкалық New York Times басылымында жария болды (ВИДЕО)
Америкалық New York Times газетінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде 19 секундтық видео пайда болды. Онда Тегеран әуежайы маңында Украина әуе компаниясының Boeing лайнерін зымыран атып түскен сәт бейнеленген деген болжам бар.
Бұған дейін "Украина халықаралық авиалиниялары" ұшағын зениттік зымыран атып түсірді деген болжамды Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі айтқан болатын.
Нақтыласақ, Цензор.нет порталының шеф-редакторы Юрий Бутусов Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловке сілтеме жасап, мамандар әуе апатының төрт себебін қарастырып отырғанын айтты. ◽️лайнерді зениттік зымыранның атып түсіруі; ◽️ұшқышсыз ұшу аппараты немесе басқа ұшу объектісімен соғылуы; ◽️техникалық себептерге байланысты қозғалтқыштың бұзылып, жарылуы; ◽️лаңкестік акт салдарынан жарылыстың ұшақтың ішінде болуы.
Бұнымен қоса, 9 қаңтарда елде қаралы күн жариялаған Украина президенті Владимир Зеленский тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін түрлі болжам айтпауға бірнеше рет шақырған еді.