Түркістанда аяқ-қолын байлап тастаған баланың анасы: Күйеуім пышақпен қорқытып, ұлымды алып кетті
Түркістанда аяқ-қолын байлап, аузын жауып қойған баланың анасы оқиға жайлы өз пікірін айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде денесін таңып тастаған ұл бала түсірілген видео таралған еді. Оның аузыны беторамал салып қойған көрінеді. Видеоны жүктеген адам "не болып қалды балақай?" деп сұрап жатқаны естіледі. Оның артқы жағында екі әйелдің ұрсып жатқан дауыстары аңғарылады.
Алғашында баласына жәбір көрсетті деп оның анасы айыпталыпты. Дегенмен содан кейіін оқиға екінші қырынан белгілі болды. Баланың туыс әпкесі видеоны оның әкесі түсіргенін айтқан. Сөзінше, ол екі туыс әйелмен үйге басып кіріпті, баланы алып кетпекші болған.
"Сіңілім екеумізді пышақпен қорқытып, бөлмеден шығарып жіберді. Мұны жасаған сол әйелдердің бірі. Біз баланы байлаған жоқпыз. Менің інім онымен ойнап отырып, жеткіншектің үстіне бандаж іліп жіберді. Мен ол кезде заттарды реттестіріп жүргенмін. Бірақ оның аузына шүберек тығып, видеоға түсірген оның әкесі", - дейді Жұлдыз Пернебаева.
Ұл баланың анасының айтуынша, бұл қойылымды күйеуі әдейі ұйымдастырған. Ер азамат осылайша алимент төлеуден қашып, әйелді аналық құқығынан айырғысы келген. Дана Жұраева үйінен жұмыстан қайтып келе жатқанында бұрынғы жұбайының балын алып кетпекші болғанын көріпті. Оның тоқтатуға тырсып баққанда, қолынан ешнәрсе келмеген.
"Мен оны тоқтатып, баламды алып қалмақшы болдым. Бірақ оның туысы мен теуіп жіберді, мен балшыққа құлап түстім. Оның видеоға түсіргенінің барлығы жалған. Ол бұны мені масқаралап, балам тартып алу үшін жасады", - дейді баланың анасы.
Алайда бейнежазбаның авторы бұл жайтты жалған еместігін айтып ақталды. Сөзінше, оның баласына расымен қатыгездік танытыпты.
"Мен үйге кіріп келгенімде баламды байлаулы екендігін көрдім. Аузына бір шүберек салып қойған. Мен жағдайды видеға түсіргенде қатты қынжылдым. Мен оның қандай адам екендігін көрсеткім келді. Бұл бірінші рет болған жағдай емес. Бір күні ол балаларды көлікжайға қалдырып кеткен еді. Олар сол жақта жатыпты. Мен өзім балаларды алып кеткенмін. Иә, мен алимент төлеуді тоқтаттым. Оған себеп әйелімнің менің балаларымды көруімен кедергі келтіруі", - дейді баланың әкесі Бағлан Есболатов.
Ер азамат баланың үйіне алып кетіп, полицейлерге арызданған. тәртіп сақшылары тергеуді бастап кетіпті.