Қазалыда заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
Қазалы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары қатысты.
Сот төрағасы өз сөзінде 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңы қабылданғанын атап өтті. Осы Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару Кодекстеріне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне, «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына, «Пробация туралы» ҚР Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Сот төрағасы әр түзетулерге егжей - тегжейлі тоқталды.
Осы күні аталған тақырыпта судьялар арасында семинар өтті.
Семинар барысында судьялар заңды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасып, құқық қолдану тәжірибесінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі