4 сағаттың ішінде «Жолдағы қабылдауға» 300-ге жуық өтініш келіп түсті
Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан акция облыстың 11 жерінде, барлық аудандарында және облыс орталығында өткізілуде.
Қазіргі таңда «Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығында Тоқтыбаев көшесінде, «Тағзым» алаңында өтіп жатыр.
Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресейден әкелінген көліктердің біздің елде рәсімделуі тәртібі, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.
4 сағат ішінде мамандардан 300 - ге жуық облыс тұрғындары кеңес алды.
Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны Жұбанов Сайлаубек, 41 жаста, жеке өзі сұрағын қойып, мамандардың аузынан шетел көліктерін тіркеу тәртібі туралы білуге келген. Шетелдік нөмірі бар автокөлігін ол Армениядан 3 ай бұрын әкелген.
Әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. полиция полковнигі Нұрлан Садықов бұл мәселе бойынша қолданыстағы ережелер туралы түсіндірді.
Ол Қазақстан Республикасына Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу келесі құжаттар тізбесін ұсыну кезінде жүзеге асырылатынын атап өтті:
- жеке куәлік;
- кедендік ресімдеуден өту туралы растайтын құжаттар;
(Салық кодексінің 615 – бабына сәйкес: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бергені үшін – 1,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бергені үшін - 2,8 АЕК; Салық кодексінің 553-бабына сәйкес көлік құралын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін);
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген Көлік құралдарын бастапқы тіркеу (кәдеге жарату) кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауы;
- көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат, оларға мыналар жатады: сатып алу-сату шарты, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжат, айырбастау шарты, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған сыйға тарту;
- көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (сертификаттау саласындағы аккредиттелген зертханалар береді).
Сонымен қатар, жеке қабылдаудан бөлек облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі