» » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР: КІМДЕР, ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР: КІМДЕР, ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?

   Өткен жылы өңірімізде 3088 адамға 1,3 млрд.теңге көлемінде гранттық қаржы берілген. Қайтарымсыз қаржы алуға кімдер үміткер бола алады, көлемі қанша, қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда не болады? Міне осы сауалға Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Гаухар Елеусінова жауап берді.
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтармсыз гранттар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, 1 АЕК – 2651 тг), яғни биылғы көрсеткіш бойынша 530 200 теңге және «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында – 3 млн. теңгеге дейін ұсынылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаты бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған бағдарламаға қатысушы, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған, инновациялық бизнес-идеясы бар кәсіпкерлер грантқа үміткер болады.
 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен грант беру – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру Қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен реттеледі. Осы қағидада грантты беру тәртібі, жобаларға мониторинг жасау, есептілігін жүргізу ережелері нақтыланған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы ұсынылады. «Бизнесті жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен ұсынылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаржыға – бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған немесе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар үміткерлер болып табылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу дегеніміз – әртүрлі мамандыққа, мысалы: шаштараз, аспазшы, жихаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға қысқа мерзімді курстардан өту. Бұл оқу операторы – жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасында өтеді.
24 қаңтар 2020 ж. 3 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031