» » "Дамудың" жаңа деңгейі

"Дамудың" жаңа деңгейі

   "Кәсіпкерлерді қолдаудың ең танымал құралы – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Күн сайын біз қормен өзара іс-қимыл жасау процесі барынша жағымды, жайлы және пайдалы болу үшін жұмыс істейміз. Қазіргі таңда кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ eqov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы "Даму" қорының кепілдігін алу, "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алу үшін өтінім бере алады. Егер кәсіпкерлердің бірі онлайн қызметтерді қалай пайдалану керектігін білмесе, біздің кеңесшілер бүге-шүгесіне дейін түсіндіретін болады. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Ерлан Түктібаев баспасөз турында мәлімдеді. Пресс-турдың мақсаты – мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау тапқан кәсіпорындарды таныстыру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
    "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау құралы бойынша жалпы 2019 жылдың 10 айында 4,167 млрд  теңге сомасына 150 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Ал 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 396 млн теңгеге 52 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ "Еңбек" бағдарламасы "РИЦ  Қызылорда" ШҚҰ ЖШС-3не 299 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 281 млн теңгеге 32 жоба қаржыландырылған.
Пресс-турдың алғашқы бағыты – Сырдарияның сол жағалауында бой көтерген "Болашақ" университеті. 2017 жылдың тамыз айында компания "АТФ" банк АҚ-ға оқу корпусын салу үшін барған. Жобаны "Даму" КДҚ" АҚ "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемемен субсидиялаумен Даму-Өңірлер 3 несиелеу бағдарламасын қолданды. Жобаларды несиелеу тетігі бойынша, компания студенттік жатақхананы қаржыландыру үшін банкке қайта өтінім берді. "АТФ" банк АҚ өнімді мақұлдады. Жобаны іске асыруға "Даму" қоры қосымша көмек көрсетті. Сыйақы мөлшерлемесімен субсидиялаудың арқасында компания жылдық 6 пайыз мөлшерлеме бойынша несие төлейді. Алынған несие қаражатына компания жатақхана ғимаратының құрылысын бастайды.
– "Болашақ" университетінің корпусын салу кезінде қаражат қажет болды. Университет 10 жылдан бері осы мақсатта қор жинап отырды. Оның үстіне несие алу қажет болып, "АТФ" банктен несие алдық. Даму қоры арқылы 7 пайызбен жеңілдік жасалды. Екінші рет жатақхана басталар кезде тағы "Даму" қорының көмегіне жүгіндік. Соның арқасында екі жылда университетті салдық. Жоба толықтай 4-5 жылда аяқталады, – деді "Болашақ" университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов.
Келесі – бағыт аймақты жиһазбен қамтып отырған "Сыр жиһазы" компаниясы. Аталмыш компания жиһаздың кез келген түрін жасайды. 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған Рүстем Серікұлының кәсібін көзбен көріп, шеберлердің жұмысына тәнті болдық. Кеңселік жиһаз, керуерт, кресло, орындық, үстел, мектеп және медицина мекемелеріне арналған жиһаздар өндірумен айналысатын компания "Zeta Plast" ЖШС-нің серіктесі. Компания пластикалық бұйымдар, қоқыс бактары мен урналар, саяжай мен бақшаға арналған керек-жарақтарда жасайды.
2019 жылдың қазан айында «First Heartland Jysan Bank» АҚ Қызылорда филиалы «Сыр жиһазы» ЖК қаржыландырды, жобаны жүзеге асыруға «Даму» қоры басым жобаларды несиелеу тетігі шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынып, көмек көрсетті. Сыйақы мөлшерлемесіне субсидиялаудың арқасында компания жылдық 6% мөлшерлеме бойынша несиені төлейтін болады. Жоба бойынша несие қаражаты жиһаз өндіру бойынша жабдықтарды сатып алуға бағытталады.
– "Даму" кәсіпкерлікті бастаған адамдарға үлкен көмек. Алғашында 5-6 адам болып бастадық. Бүгінде 20-25 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қалада көбісі үйлерін жаңадан салып жатыр, тапсырыстың көптігі де сондықтан. Мамандарды арнайы оқытып тұрамыз. Жиһаздың кез келген түрі бар. Пластик өнімдер де шығарамыз. Облыс көлемінде тапсырыс аламыз, – дейді "Сыр жиһазы" компаниясының өкілі Жансұлтан Карпеков.
Шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізу барысында "Даму" қоры кәсіпкерлерге арнайы жеңілдік қарастырады. "Кәсіпкерлік саласына бет бұрыс жасаймын, кәсібімді кеңейтемін" дегендерге бұл орталықтың берері көп.
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
18 қараша 2019 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031